Апталық басталды
Дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы аясында біздің өңірде де облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мамандарының ұйымдастыруымен түрлі шаралар өткізілуде. Апталық барысында мамандар болашақ аналарға және бала емізетін әйелдерге арналған семинарлар, тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізіп, кеңестер беретін болады. Тамыздың 3-де басталған апталық 10-на дейін жалғасады.