Тілсіз жаудан екі адам қаза тапты
Аудан орталығында 2 тамыз күні өрттен екі адам қаза болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Боровское селосында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. 55 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға орнынан 46 жастағы ер адам мен 42 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Отты ауыздықтауға Боровское орман шаруашылығының 1 техникасы, аудандық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 6 сарбазы жұмылдырылды.