Бір тәулікке қамауға алынды
Қарабалықтық азамат әкелік борышынан жалтарып, тіпті сот шешімін орындаудан басын ала қашқысы келді. Ажырасып, әйелін асыраушысыз, баласын қамқорсыз қалдырған Ш-ға аудандық прокуратура әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады.
Кәмелетке толмаған баласы үшін төлеуі тиіс Ш-ның нәпақалық қарызы бір жыл ішінде 356 003 теңгеге жеткен. Жыл жүріп, бүгінге дейін тиісті соманың 67000 теңгесін ғана өтеген. Мойынында – 289 003 теңге берешегі бар. Сөйте тұра, борышкер әке сот актісінің талаптарын орындаудан қашқақтап жүрген.
Әкімшілік істі қарау қорытындысында, азамат Ш. сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаза – 1 тәулікке қамауға алу. Бірақ бұл бір күнгі қамақ берешек салмағын азайтып бермесі анық.
Жандос Жүсіпбек