Облыста. Көлік жүргізу куәлігінсіз рөлге отырған екі мас жүргізуші ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың осыған дейін де мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңды белінен басқандар Рудный және Лисаков қалаларынан ұсталған.