Адасқандар аман құтқарылды

Өткен демалыс күндері Алтынсарин ауданы Бозбек ауылының тұрғындарын елең еткізген оқиға орын алды.
IMG_3678Атап айтсақ,  саңырауқұлақ термек болып орманға кеткен  әкелі – балалы  бір отбасының 3 мүшесі   ешбір хабарсыз кеткен. Арада  бір тәулік өткенде жоғалған адамдардың туыстары облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне  хабарласып, көмек сұрайды. Суыт  хабар алған құтқарушылар  құрамында кинолог маман бар  6 адаман тұратын топ жасақтап, іздеу жұмыстарына кіріседі.   Департаменттің нақты бекіткен жоспарына сай жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді. Арада 2 сағат өткенде жоғалғандар табылды.  Қасында  6 және 10 жасар баласы бар Бозбек ауылының тұрғыны  орманға барып жол таба алмай адасып кетіпті. Осылайша олар бір күн бойы тамақсыз, сусыз орманда түнеуге мәжбүр болған.
 Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓