Газ баллоны қос өмірді қиды және…

Меңдіқара ауданының Боровское ауылындағы Павлов көшесінде жеке тұрғын үй өртке оранды. Оттың тұтануына үйдің жанынан салынып жатқан сарайдағы газ баллондары себепші болды. баллонАтап айтқанда, қос бірдей баллон тығындарының әлсіздігі кесірінен аузынан ұзақ уақыт шыққан газ тілсіз жаудың кенеттен лап етуіне соқтырған. Өрт жалмаған ауқым 55 шаршы метрді құраған. Күшті жалынның бетін қайтару үшін өрт сөндірушілер жасағына 1 сағаттан артық күрес жүргізуге тура келді. Өкінішке қарай, өрт болған үйдің ішінен 47 жастағы еркек пен 42 жасар әйелдің өлі денесі табылды. Екі марқұмның да денесін өрт шалмаған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, олардың улы газға тұншығып өлген болулары мүмкін.
Тағы бір тосын жайт Қамысты ауданында тіркелді. Аудан орталығындағы Жеңістің 30 жылдығы көшесіндегі жеке тұрғын үйдің асүйінде өрт тұтанған. Оқыс оқиғаға тағы да газ баллоны «кінәлі». Баллон аузына бәсеңдеткіш тетіктің дұрыс орнатылмағандығы салдарынан тысқа ұшқан газ өрттің шығуына себепкер болды. Кесірінен 82 жастағы қарт жапа шегіп, Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді.
Деректерге сүйенсек, жыл басына бері 714 өрт оқиғасы тіркеліп, 25 адамның өмірі құтқарылыпты және 12 адам жапа шеккен. Ал жан тапсырған адамдардың саны – 27-ге жетіп отыр, бұлардың ішінде 1 нәресте бар.
Осындай-ақ, шомылу маусымы басталғалы су түбінде ажал құшқандар саны да тұрақтар емес. суга кетКүні кеше қайғылы жайттың қатары тағы толықты. Қостанай қаласының КЖБИ шағын ауданы тұсындағы Тобыл өзені жағалауында, шомылу кезінде, 33 жастағы азамат суға тұншығып мерт болды.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓