Өз қызын зорламақ болды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Фёдоров ауданының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Бұл турал Қостанай облыстық прокуратурасының 2-ші басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов хабарлады, деп жазды «Алау».насил
Фёдоров ауданының тұрғыны өз қызымен үйінде болған. Ішімдік ішіп масаураған ол қызын зорламақ болған. Бұл ойын жүзеге асыра алмаған.
«Кейін інісін дүкенге жөнелтіп, 11 жасар қызына қайта тиісе бастаған. Қыз үйден қашып үлгереді», – деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының 2-ші басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов.
Күдіктіге қатысты үкім шығарылды. Ол ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімінде және 120-бабы 4-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылды.
Ол 15 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейтін болды. Ол өмір бойына белгілі бір лауазымды қызмет атқару және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓