Жалғызбасты жігіттерге сырқат үйір келеді

Израиль дәрігерлері отбасында бақытты ер адамдардың суыққа бой алдырмайтынын, қан айналымы қалыпты болғандықтан үйінде жанжалы көп ерлерге қарағанда жүрек сырқаттарына 64 пайыз аз шалдығатынын анықтапты.
Бұл зерттеуге 10 мың ер адам қатысқан. Оларды 1965-ші жылдан бері, яғни 46 жыл бойы бақылаған түрлі дәрігер-мамандар ақыры бір қорытындыға келді. Зерттеушілердің деректеріне сенсек, бақытты ер адам семіздікке, қан қысымына да басқаларға қарағанда екі есе аз шалдығады екен. Жарты ғасырға жуық зерттеуін осылай ғана қайырған израильдіктердің пікіріне Тель-Авив оқымыстылары да қосылатынын айтты. Олар мемлекеттік қызметте істейтін 10 059 ер адамның денсаулығын  тексерген. Сөйтіп,  түрлі  себеппен  ажырасқан, қазіргі күнде жалғызбасты ер адамдардың денсаулығы өзгелерге қарағанда мәз емес екеніне көз жеткізіпті. Жалғызбасты еркектерде созылмалы бүйрек, бауыр аурулары, асқазан жарасы өте жиі кездеседі екен. Ал өзін бақытты санамайтын ер адамдардың 80 пайызын жоғары қан қысымы мазалайды. Олармен салыстырғанда отбасында жайлы сезінетін ер адамдардың қызметі де, жалақысы да, денсаулығы да тәуір болып шыққан.
"Бұдан шығатын қорытынды мынау: ер адамдарға жалғыздық жақпайды. Жалғыздықтан олар қаңғыбастық өмірге бейімделеді, уақытылы тамақтанбай, асқазанын ауыртады. Ал отбасында бірлік болмаса қаны басына шапшиды. Яғни, еркектердің құтқарушысы да, жауы да – әйел", – дейді профессор Ури Голдбурт.
жігіттерге кеңеске сурет
Жігіттерге кеңес
Қыздарды түсіну оңай емес. Әрбір қыз алдынан Ханзаданы күтеді, ал сенің ханзада болуың шарт емес, тек қана қыздардың еркелігін көтерсең болды!
Ал, енді жігітім….
1) Шешім қабылдай білу
Кейде мынадай жағдайлар болып жатады: Жігіт пен қыз бірін-бірі сүйеді, бірақ екеуінің арасында түсінбеушілік болып жатады. Кім кінәлі? Есіңде болсын, сезімде жігіт бірінші рөлде болады, ал қыз жай ғана ол сезім-дерді қолдайды. Ендігі бірінші қадамды сенің жасауың керек, тек қана СЕН! Қыз өзінің сезімдерін әрқашан жасырады және алғашқы қадамды ешқашан өзі жасамайды. Алғашқы қадам – се-нікі! Сен әрқашан шешім қабылдай білуің керек. Сүйіктіңе бірінші қоңырау шалып, жабырқау сәт-терінде арқа сүйеуің қажет. Бірақ шын мәнінде сенің бұл қасиеттеріңді бағалай алмайтын қыздар да бар, сен ондай қыздарды өзің танып білуің керек.
2) Жұмсақтық
Сен өзіңе "Неге қыздар өзінен жасы үлкенірек жігіттермен кездеседі екен?" – деп сұрақ қойып көрдің бе? Сол сұрақ төңірегінде ойлап көрші… Себебі, қыздар жігіттерге қарағанда тезірек жетіледі, дамиды. Екіншіден, ол жастағы бозбалалардың көбі қыздармен сөйлесуге, сырласуға, тіл табысуға тәжірибелері аз болады. Егер сен сол жасты артқа қалдыр-ған болсаң, сенің ең басты мәселең – қыздармен жақсы тіл табысу болмақ. Қыздармен сөйлескенде, достарыңмен сөйлескендей емес, оған қарағанда қызбен нәзік, жұмсақ сөйлесу, жанға жайлы, құлаққа жағымды сөздерді айту кедергі келтірмесі анық.
3) Адалдық
Ешқашан сүйгеніңе жалған сөйлеме. Қанша ауыр болса да, шыныңды айтуға тырыс, тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындық жақсы, есіңде болсын!!! Сенің одан жасырған өтірігің ашылып қалса, әрине ыңғайсыз болады. Ал, жарайды, сен жалған сөйлеу-ге шеберсің бе? Онда өзің біле-сің. Бірақ, міндетті түрде көп ұзамай шындықтың беті ашылады. Егер сен қызыңды шынымен жақсы көрсең, қарым-қатынасыңды үзгің келмесе жалған сөйлеме, сенің өтірігің – оның жүрегін жаралайтын болады.
4) Жылы сөздер
Жанға жайлы жылы сөздер әрқашан  қызды ерітеді. Ол қыз бұл сөздерді өзінің көңілін аудару үшін екенін білсе де, оған ол сөздер жағымды естіледі. Оған өзінің қандай әдемі екенін, сұлу, сымбатты екенін айтуды қайталаудан шаршама! Әрқашан оған өзінің жалғыз екенін және бұрын ондай қызды кездестіріп көрмегеніңді айт. Оған әрқашан "Жаным, жүрегім, жалғызым" және т.б сөздерді айтуды ұмытпа.
5)  "Иә, Жоқ" сөздерін ажырата біл
Егер қыздар бір адамды сүйсе, онда олар жігіттердің оларды қызғанғанын, өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Қыздар көбінесе ұсыныстарға "иә, жоқ, мүмкін, солай шығар, білмеймін" деп жауап қайтарады. Әрқашан "Жоқ" деген жауабынан "иә" деген жауапты естуге тырыс, сезін, қыздың көзіне тура қара, қыздың "жоқ" дегені – "иә" дегені.
Осының бәрі есіңде болсын!!!

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓