Жарқын болашаққа – 100 нақты қадам

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Қостанайдағы филиалында 100 қадам ұлт Жоспарын түсіндіру бойынша ақпараттық топпен кездесу өтті.  Ақпараттық топ құрамына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов,  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетов кірді. P1360232
-Мемлекеттік тиімді жоспарлау және ашықтық – экономиканың дамуының кепілі. Көлеңкелі қаржы айналымын әшкерелеудің бірден бір жолы  жалпы салықтық ресімдеу болып табылады. Бұл туралы 42-қадамда айтылған. Бүгінгі күні табыс декларациясын ұсыну тек мемлекеттік қызметшілерге ғана міндеттелген. Оның негізінде құрылған жүйе азаматтардың өз табыстарын көрсетуге біртіндеп көшуге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Спанов өз сөзінде. P1360239
Алғашқы кезеңде жеке тұлғалар өз активтері туралы декларацияда көрсетеді. Одан кейін өз табыстары мен шығындарын, мүлкін және қаражаттары туралы мәлімет ұсынатын болады.
Ұлт Жоспарында жарқын болашаққа жеткізер нақты қадамдар айшықталған. Ақпарттық топ мүшелері оны жан-жақты талдап, өз пікірлерін білдірді. Алқалы жиынға қатысқан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері мен бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓