Көктемнің соңғы жәрмеңкесі
Бүгін қала орталығында ауылшаруашылық тауарлары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Базыл Жақыпов және ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзин назарда ұстады. Атқамінерлер қандай тауарға сұраныс көп екенін және бағанын көтерілмеуін қадағалады. Табиғи өнім саудасында әдеттегідей бағалар нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Мәселен, мұнда сиыр етін 950 теңгеге, құс етін 670 теңгеге алуға болады.




Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.