Тобыл жағасындағы Ғашықтар мерекесі (фоторепортаж)
15 сәуір күні еліміздің бірқатар өңірлерінде жастар арасында Қозы Көрпеш – Баян сұлу, яғни «Ғашықтар күні» аталып өтті. Бұл мейрамды Тобыл төсіндегі жастар да бар сән-салтанатымен тойлады. "Шағала" жағалауы қол ұстасқан ғашықтар мен мәз-мейрам болысқан жастарға толы.
Махаббат туралы әндер айтылып, түрлі ойындар ойнатылды. Іс-шара би кешімен жалғасын тапты. Сезімдері сақталып, махаббаттары баянды болсын деген ниетпен ғашықтар арман-тілектерін айтып, аспанға шарлар әуелетті.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ