Көңілді басқосу
by
Qostanaı tańy
·
28.07.2015
Қостанай қ. «Жас Отан» жастар қанаты «Жастар Отанға!» жобасы аясында жақсы басқосу ұйымдастырды. Бұл жолы қонаққа облыстың Жайдарман құрама командасының мүшелері келді. Олар жақында Шығыс-Қазақстан облысы Алакөл жерінде өткен КТК ойындарына қатысып, кубокқа ие болған еді. Көңілді әрі тапқыр жастар осы сапары жайында әңгімелеп берді.