Білімді жастар бақ сынасты
Облыста. Президенттік олимпиаданың аймақтық сынағы басталды. Айтулы шараның алғашқы кезеңіне өңірдегі білім ошақтарының 11 сыныптарынан 90-нан астам оқушы қатысты. Жеткіншектер жаратылыстану-математикалық бағытта бақ сынасты. Жарыс қорытындысына сай, бағы жанған жеткіншектерге жоғары оқу ордаларының білім гранттары берілуі тиіс. Республикалық сайыс желтоқсан айында Теміртау қаласында өтеді.