Жол апатынан 4 адам көз жұмды

Арқалық-Торғай тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. ДТПТорғай елді мекенінен шыққан жолаушыларға толы к «Лада Приора» автокөлігі Арқалықтан келе жатқан қарсы беттегі «Ауди» жеңіл машинасымен бір жолақ бойында соқтығысқан. Жойқын жол апаты 3 адамның өмірін жалмады. 11750671_122650558076185_6172716606646209489_nЖантәсілім еткендердің бәрі – «Лада Приора» көлігінің жолаушылары. Қатты соқтығыстан умаждалып қалған көліктен адамдарды шығаруға арнайы техниканың көмегі қажет болды. 11202668_122649321409642_1239054955582664500_nЖаны қалған тағы үш адам ауыр халде Жангелдин аудандық ауруханасына аса ауыр жарақатпен жеткізілген болатын. Тәулік өткізіп, тағы біреуі өмірмен қош айтысты.  11811423_122650464742861_7280618114977041492_nТергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓