Екі аптадан кейін егін орағы басталады

IMG_3997

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында облыс әкімі мәлім етті. Оның айтуынша, өңірде егін алқаптарының 35 пайызы жақсы, 60 пайызы қанағаттанарлық, ал 5 пайызы көңіл көншіпейді.
-Бұл мүмкін егінді ерте не кеш екендіктің салдары болар. Жалпы, биыл орташа түсім 9-10 центнерден болады деп күтілуде. Әрине, бәрі алдағы ауа-райына байланысты, сондықтан нақты кесіп айту мүмкін емес. Дегенмен, мол өнім алудан үміттіміз. Сонымен қатар, биыл өткен жылмен салыстырғанда алқаптардағы арамшөптер 25 пайызға артығымен уланса, миллион гектардан астам жер шегірткеден тазартылды, – дейді облыс әкімі Н.Садуақасов. 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓