«Варваринское» акционерлік қоғамының да жағдайы мәз емес

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қала және аудан әкімдері жарты жылдықты қорытындылап есеп берді. Төрт күн бойы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте қала мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы сарапталып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы баяндалды.DSCN4401
Әсіресе, бюджеттік жоспарлау һәм шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын дамытудағы кемшіліктер сынға алынып, жетістіктері сөз болды. Ғаламдағы қаржы дағдарысы салдарынан елдегі, өңірдегі тұралап қалған кәсіпорындардың болашағы да назардан тыс қалмады. Мәселен, тау-кен өндірісінің дамуы әзірге көңіл көншітпей тұр. Басты себебі, сұраныстың аздығы және бағаның тым құлдырап кетуі.208
Бүгінге дейін облыс экономикасына тың серпін беріп келген Соколов-Сарыбай тау-кен байыту кәсіпорны биыл 62,4 млрд. теңгенің ғана өнімін өндіріпті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 46 млрд. теңгеге кем. Сол сияқты «Варваринское» акционерлік қоғамының да жағдайы мәз емес. Жарты жылдықта кәсіпорын  небәрі 8,6 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда тым төмен. Жітіқаралық «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы да бұлардың кебір киюде. Бірақ «Варваринское» кәсіпорны биыл жыл аяғына дейін өз өнімін арттырмақ ниетте.
Ауылшаруашылық өндірісі кешені туралы сөз қозғаған өңір басшысы Нұралы Садуақасов Әулиекөл, Денисов, Таран, Федоров аудандарында мал басының кеміп кеткенін алға тартты. «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларын игеруде Жітіқара, Қарасу, Федоров, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарында баяу жүріп жатқан көрінеді. Қарабалық, Қарасу, Наурызым аудандарында «Құлан» бағдарламасы ақсаңдап тұр. Соңғы уақытта Қостанай мен Таран ауданында әлі бір де бір бағдарлама орындалмапты. Бірақ әкімдері жыл аяғына дейін орындап үлгіретінін айтып ақталды.КРС
Диқандардың былтырғы мамыр айының екінші және үшінші апталарында молынан жауған жаңбырдың әсерінен егістік алқапқа кештеу шығып, кейін алған өнімін жинап үлгере алмай, қар астына қалдыруына қарамастан, биылғы егін себу науқанына қызу кірісіп кеткен. Қазіргі жағдайы да жақсы көрінеді. Алдағы күзгі егін жинауға дайындық та осы бастан басталып кетіпті.егис битти
– Жағдай қиындап тұр. Жаңа нысандар ашу керек. Шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту қажет. Барлығын дағдарысқа тіреп қою дұрыс емес. Тығырықтан шығудың амалын қарастыру абзал,- деп Нұралы Садуақасов мәжілісті қорытындылап, қала мен аудан әкімдеріне тапсырма жүктеді.
Мемлекеттік бағдарламаларды орындауға немқұрайлы қарамауын, бұйырған қаржыны тиімді пайдаланып, игеру қажеттігін, халықты жұмыспен қамтуға көңіл бөлу керектігін мықтап жүктеді. Жыл аяғына дейін алға қойған міндеттердің орындауын қатты қадағалайтынын да жеткізді.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓