Бабадан қалған құндылық – ұрпағына аманат

Тарихи деректерге сүйенсек Абылай ханнан бата алған ақжолтай батыр атанған Түгел батыр Ақжігіттің бел баласы. Түгел батыр дүниеге келгенде әкесі баласына лайықты есім таба алмай екі ортада дел – сал болып жүргенде Абылайхан “Ақжігіттің баласы маған да бала болады. Ендеше баламның атын өзім қояйын, есімі Түгел болсын. Төрт құбыламызды түгендеп жүрсін” – деп, – батасын беріпті мыс. Түгел ер жетіп, жорықтарға қатысып, ерлігімен таныла бастайды. Жас жігіттің қысыл-таяңда жау қашырған осындай бір ерлігіне ырза болған Абылай хан «Не қалайсың ? Қаласаң бағымды да, тағымды да берейін » десе керек. Сонда Түгел : “Тағыңызды не қылайын, тақсыр, маған бағыңызда жетеді. Бірақ, Алла-тағаланың берген бағы басыңыздан аумасын”,- деп жауап қайырған екен.QKJobGZFe7U
Ақын Ақылбек Шаяхметовтың тарихи әңгімелерінде назар салсаңыздар “Түгел батырға Абылайханның өз қолымен берген жорық туы кенже баласында қалған, бүгінгі таңда аталған сарыала ту Таран ауданының орталығында тұратын Хасеннің жұбайы Ысқақова Зағипа апайдың шаңырағында сақтаулы. Бұл туды көрген адамның бойына жігер пайда болады. Көз алдыңызға самсаған қалың қолдың алдында кетіп бара жатқан батырды көргендей боласың. Сондай-ақ Қостанай өлкесінде Аят деген өзен бар. “Әйет” деген кісінің құрметіне арнап қойылған. Кезінде осы Аяттың маңынан өткен кез келген керуен немесе жолаушы міндетті түрде өзеннің басына түнеген екен. Оның негізгі себебі – Аят өзенінің сол жақ бетінде өз заманының ержүрек батыры Жабағы деген бабамыздың зираты бар. Сол кісінің басына дұға қылмай өткен жолаушылардың жолы болмайды деген түсінік қалыптасқан”,- дейді.x_2e1991b2
18-ғасырда өмір сүрген Жаппас Кермен руының азаматы араб тілінде Қарта ұрпақтарының шежіресін кітапқа жазып қалдырған. Кейінгі ұрпақтары үшін құндылығы мен тағылымы мол шежіре кітабы қолдан – қолға өтіп, Торғай өңірінің бір елді – мекенінде сақтаулы тұр деген дерек көздерінен ұщқындаған жедел хабар мағанда келіп жетті. Осыдан 3- ғасыр бұрын жазылған шежіре кітаптың осы уақытқа дейін сақталып тұрғандығына менде қайран қалдым. Бердалының ұрпағы Рақымберген ақсақалдың көзі тірісінде шежіре кітапты жазған кісінің шөбересі қызмет бабымен Торғайға келгенде өзімен бірге ала кеткен. Тарихтың таңбасындай болған қарт осы кітапты баласы Қайрат пен немересі Тимурға сенім артып, тауып алып әкелулерін аманаттаған. Бұл шежіре кітап Қызбел ауылында әлде кімдер сақтап отыр деген болжам бар.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓