Құс етінен “Salmonella” анықталды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының аумағында арам пиғылды өндірушілер өндіретін құс етін өткізуге уақытша тоқтатты.
Енді келесі өндірушілердің құс еті елімізге өткізілмейтін болды:
– «Мясоптицекомбинат «Благодарненский» ААҚ өндіретін «Благояр» балапан еті (Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Благодар қаласы);
– «Мироновская птицефабрика» ЖАҚ өндіретін бройлер балапан ұшасы (Украина, Черкасск облысы, Канев ауданы, Степанцы селосы);
– «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ өндіретін бройлер балапан және бройлер балапанның төс еті (Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Нагайбак ауданы);
– «Юбилейное» ЖШҚ өндіретін «Хорошее дело» бройлер балапан ұшасы (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзин ауданы, Чамзинка кенті).
Тиісті хабарлама Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің уәкілетті органдарына жіберілді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының бөлшек сауда желісін Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ескертті. Сонымен қатар бөлшек жергілікті жерлердегі департаменттерге сауда желілерінде аталған өндірушілердің өнімдерін өткізу фактілердің уақыты жолын кесу қадап тапсырылды.