Артында өшпес із қалдырған
Рудныйлықтар Ұлы Отан соғысының ардагері, қаланың құрметті азаматы, Қазақ КСР дербес зейнеткері, ҚР мәдениет қайраткері, Рудный қаласы тарихи-өлкетану мұражайының құрметті директоры, «Қазына» меценаттары сыйлығының лауреаты, жазушы және көсемсөзші – Иван Дьячковпен қош айтысты.
Иван Ивановичпен қоштасу қалалық мұражайда өтті. Аты аңызға айналған ардагердің соңғы қарызын өтеуге Рудный қаласынан ғана емес, Қостанай, Астана, Таран, басқа да қалалар мен ауылдардан туыстары келді. Иван Дьячковпен қоштасуға әкімдік өкілдері, қалалық мекемелер мен кәсіпорындар, «ССКӨБ» АҚ басшылары, майдангерлер, қоғамдық ұйымдар мен әскери-патриоттық клубтардың жас жауынгерлері, достары мен әріптестері келді. Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен құрметті қарауыл ұйымдастырылды.
Азаматтық қоштасуда сөз сөйлеушілер өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі ардагердің рөлі, өлкетану, туған жердің тарихы бойынша еңбектері, И. Дьячковтың мәдениеттегі, журналистикадағы, өмірдегі басқа да салалардағы еңбектері жөнінде айтылды.