Күтпеген қонақтан ажал құшты

Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соты адам өліміне себепші болған қылмыскерлерге қатысты үкім шығарды.
Оқиға Жітіқара қаласында болған. Бұрын сотталған 30 жасар  А.Косарцов 2 наурыз күні өзі іспетті, жазасын өтеп келген 27 жасар  В. Соловьевтің  үйінде ішімдік ішіп отырады. Жақын күндері Б. атты достарының мерзінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығатынын  біліп, оның анасы мен жұбайына барып шықпақ болады. Екеуі де Б.мекенжайын дұрыс білмейтін. 12898144143839Танысының үйінің сырт нобайын ғана білетіндер мастықпен бөтен біреудің пәтерінің есігін қағады. Оларға И.атты азамат есік ашқан. Косаарцовпен Соловьев Света атты темір торлас достарының жолдасын шақыртады. Оларға дөрекі жауап берген И.мұндай азаматшаның мұнда тұрмайтынын айтады. Ызаланған Косарцов пәтер иесін итеріп жібергенде, И.еденге құлап түскен. Бұрын сотталғандар үйге кіріп, түзі өткір бәкімен мойнына соққы жасаған. Бұдан кейін екеуі оқиға орынан тайып тұрады.
Сот үкіміне сай, А.Косарцов 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын ерекше тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Ал оның досы  В. Соловьев 4 жыл 6 айға қатаң тәртіптегі колонияға аттанды.  
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓