Пәтер иелерін алдаған алаяқ

Қостанай қаласының тәртіп сақшылары қалалықтарды алдап, ақшаларын иемденіп кеткен алаяқты ұстады. Күдікті пәтер иелеріне ескірген құбырлар мен есептегіштерді жаңартуға 100 мың теңгеден жинап табанын жалтыратқан.
Маусым айының соңында қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің бірінде 35 жасар көршілерін тұрғын үй бойынша жауапты ретінде таңдап алады. Ер адам іске белсене кірісіп, тұрғындарға үйдің жылу есептегіштерін және құбырларын жаңартуды ұсынған. Бұл жұмысы үшін әр пәтерден 100 мың теңгеден жинап алған.   Бірақ, ақшаны өз игілігіне жұмсауды жөн көріпті.d0bad0b0d180d182d0b8d0bdd0bad0b0-d0ba-d180d18bd0bdd0bad183-1
Аталмыш дерек бойынша құқық қорғашыларға алақятың жемтігіне айналған 4 тұрғын шағымданған. Іздеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, оның қылмысы расталды. «Үй бойынша жауапты» жинаған қаржыны өз мұқтажына жұмсап жібергені туралы айтқан.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓