Балаларға ойын алаңдарын сыйлады
Арқалықтағы Б. Майлин атындағы №3 мектептің жанынан шағын футбол және "Бақытты балалық" атты ойын алаңдары ашылды.
Ойын алаңдарының жалпы аумағы 700 шаршы метр. Мердігер компания осы мақсатқа 3 млн. теңгеден астам қаражат жұмсаған. Алаңқайлардың ашылу салтанатында демеушілер балаларға тегін балмұздақ таратты. Ал, қалалық мәдениет сарайының қызметкерлері мультфильм кейіпкерлерінің кейпінде көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.