Қант қымбаттады
Облыста. Соңғы үш күнде қант бағасы айтарлықтай көтерілді. Сауда орындарында қанттың бағасы әр түрлі. Бір жерлерде келісі 160 болса, енді бір жерде 188, тіптен 195 теңгеге де бар. Қантқа деген сұраныстың өсуіне орай сауда орталықтары сатылымға шектеу қойып, адам басына тек 10 келіден сата бастаған. Саудагерлердің уәжінше, қанттың қымбаттауына доллардың өсуі мен маусымдық сұраныстың артуы себеп болған.