Жас аналар ардақталды
Жанкелдин. Албарбөгет ауылдық округінде отбасы күндері аталып өтілді. Шара барысында, Көлқамыс ауылының жас аналары С.Шаймағанбетова, М.Әбен, Р.Жұмабаева, О.Қалиева «Күміс алқа» иегері атанды. Марапатты Албарбөгет ауылдық округының әкімі Отаралы Біржікенов салтанатты түрде табыс етті. Аналарды ауыл ақсақалдарының атынан қарт ұстаз Жақан Әміржанов құттықтап ықыласын білдірді. Ауданның құрметті азаматы Кәкімжан Карбозов жас аналарға батасын берді.