Күре жол күдірсізденеді

Өңір басшысы Нұралы Садуақасов кезекті жұмыс сапарымен Таран ауданына барып, бірнеше әлеуметтік нысандар мен егістік алқаптарды аралап, хал-ахуалымен танысып қайтты.
Алдымен тізгінді облыстық шекарадағы Таран мен Варваринка арасындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан автомобиль жолының құрылысына бұрды. Бұған дейін әбден әжептарқысы шыққан тас жолы жүрген жолаушының діңкесін құртатын. Кейбірінің көлігі жол көтере алмай сынып, орта тұста қалып, машақаты арқаларын аяз қарығандай қылатын. Енді бұл күре жол толық күдірсізденетіні сөзсіз. Мұны аталған нысанды мойнына алған мердігер Тигран Бадальян баяндап берді.DSCN1499
– Алғашқы жылы 2 шақырымды, кейінгі жылдары 3 шақырымды еңсеріп тастадық. Бізге бұйырған 490 млн. теңгені шашау шығармай игеріп келеміз,- деді Тигран Ашотович.
– Осы шілде айының соңына дейін қаншасын игересіздер?- деп Нұралы Садуақасов бастырмалата сөйледі.
– Жобамен 250 млн. теңгені игеріп қалмақпыз,- деді Тигран Ашотович. Оған өңір басшысы күз айына дейін нысанды бітіре алмайтын қауіп барын сезгендей:DSCN1497
– Қарап тұрсақ, бұл тас жолының қандай анағұрлым пайдасы барын білеміз. 490 млн. теңгенің 250 млн. теңгесін сіздер шілде айында игеретін болсаңыздар нысан уақытында аяқталмай қалуы әбден мүмкін. Бұл қалай сонда?.. Тездетуге болмай ма?.. Қарашаның суығына қалып қойсаңыздар сапасы да нашарлап кетпей ме?DSCN1500
– Сөзіңізді ұқтым,- деді мердігер өңір басшысының әңгімесін толық тыңдап болып. –Жұмыс жоспармен жүруде. Біз қыркүйек айына дейін бұл нысанды уақытында тапсырамыз,- деп уәде берді.
Барлық жайтқа қаныққан кейін Н.Садуақасов жол жөнделуіне пайдаланып жатқан құрылыс заттарымен танысты.  Мердігердің айтуынша, жол участкесіне украиналық өнім – асфальтты бетон төселуде. Неліктен өзіміздің өнімді пайдаланбайсыздар деген сыңай танытқан әкімге Тигран Ашотович қостанайлық өнімді әлі тәжірибеде қолданып көрмегенін әрі жақын жерде орналасқан украиналық өнім қолайлы екенін һәм сағатына тез арада 120 тонна шығаратын жеткізді.DSCN1588
Облыс басшысы сөз арасында бұған дейін толық бітпей жатқан Қарабұтақ-Денисов автомобиль жолының жағдайына да тоқтала кетті. Елу шақырымға жуығы тегістелмей қалған тас жолы талайды әбігерге салып келгені анық. Алдағы уақытта мұның да шаруасы бітіп қалатыны қуанышты жайт.
Содан соң өңір басшысы Таран ауданындағы бірқатар шаруашылықтың егіс алқаптарының жайын байқады. Асенкритовка ауылына қарасты «Майлин атындағы» ЖШС-нің директоры Владимир Бушкиннің бітік шығып жатқан егінін көріп, әлі де жауын-шашынның керек екенін, жердегі ылғалдың аздық ететініне тоқталды. Топырақтың кеберсіп қалуы, арамшөптердің қаптап кетуі түбі шығынға батыратынын жеткізді.DSCN1601
– Бұл маңайға нөсер бір құйып берсе, мынау егіннің түсімі жақсы болары анық. Алдағы апталарда жер сусап қалмауы керек. Бірақ бәрін ауа-райы шешеді ғой,- деді Н.Садуақасов Владимир Степановичке.
Осы жұмыс сапарында өңір басшысы Таран ауданындағы атқарылып жатқан шаруаларға көңілі толғанын, алдағы уақытта әлі де атқарылар жұмыстың көптігін айтты.
 
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓