Қомағайлық түбіне жетті

Қостанайда “Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының” экс-басшысы 1984 ж.т. Т.Шөкеновке және кәсіпкер 1958 ж.т. В.Чистыйге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
Тергеу материалдары бойынша, Т.Шөкенов 2014 жылдың қыркүйегінен желтоқсаны аралығында жеке кәсіпкер Чистыйдің көмегімен бюджет қаражатын жымқырған.
Нақтырақ, ол тендер шарттарына сай жұмыстың атқарылмағанына қарамастан “С” жеке кәсіпкерлігінің есепшотына 575 000 теңге  аударған. Сонымен қатар, Шөкенов петропавлдық “Р” ЖШС-нің есепшотына 1 млн.700 мың теңге аударған. Бұл фирма бағалық ұсыныс жасау тәсілімен өткен конкурста жеңіп шыққанымен, шара жүзеге аспаған, ал атқарылған жұмыстар актісіне қол қойылған.сот
Азамат Шөкенов мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Сөйтіп, Шөкенов ҚР ҚК-нің “Қызметтік жалғандық жасау” және “Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану”, “Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және ысырап ету”, ал Чистый “қызметтік өкілеттікті теріс пайдалануға көмектесу” баптары бойынша  айыпталды.
Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Шөкенов ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлімі, 314 бабының 2 бөлімі, 176 бабының 3 бөлімі “г” тармағы бойынша (16.07.1997 жылғы редакцияда) айыпты деп танылып, жалпы тәртіптегі колонияда 5 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 5 жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, кәсіпкер В.Чистый қылмыстық әрекеттің болмауына орай сот үкімімен ақталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓