Қазаққа келін болу үшін, мұсылмандылықты таңдады
Рахат пен Наталья Жұмағұловтар жақында ғана шаңырақ құрды. Қазақтың отбасына келін болып түскен Наталья мұсылмандықты қабылдауды жөн көріпті. Облыс орталығындағы ақ мешітке келген жас жұбайлар бұл күннің ерекше екенін айтады.
– Мен шоқындырылған емеспін. Жұбайымды сүйемін және оның отбасын, ұлтын құрмет тұтамын. Сондықтан ислам дінін қабылдауды жөн көрдім. Қазір қазақ тілі мен ұлттық салт-дәстүрлерді үйреніп жүрмін, – дейді жас келін.
Наталья өзінің ата-анасын бұл шешімін қолдағанын айтады. Жас жұп аралас некелердің мемлекеттегі ұлттарды одан әрі біріктіріп, татулықты нығайтатынына сенімді.
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай