Түріктер зауыт салады

Түріктің  «Konuklar Bakliyat» компаниясы біздің облысында майлы және бұршақты дақылдарды өңдеу, тазалау және өлшеп-орау зауытын салуға ниетті.  Компания кешен құрылысына шамамен 3 миллион доллар инвестиция құю мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы түбі бір туысқан ел инвесторларының елімізге  сапары барысында мәлім болды деп хабарлайды Kazakh Invest ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. Тараптар  ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобасын талқылаған.«Бұл жоба – түрік тарапының бастамасы. Инвесторлар жасыл және қызыл жасымық, бұршақ, күнбағыс өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл танымал түрік брендімен өнімдерді тазарту, орау және орау кешені болады. Компанияның Еуропа, Таяу Шығыс нарығында кеңінен ұсынылған және экспорттың тұрақты арналары бар. Сондықтан да бұл жоба табысты және экспортқа бағдарланған жоба бола алады», – дейді Kazakh Invest ұлттық компаниясының өңірлік директоры Абылай Молдағұлов.
Бастапқы кезеңде жоба жылына 22 мың тонна өнімді қайта өңдеуді көздейді. Егер сұраныс артып, сапалы шикізат болса, инвестор жобаға қажетті қаражатты  бірнеше есе арттыруға және өндірісті кеңейтуге дайын.
 
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓