АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Таяуда Құмкешу ауылында спорттың 12 түрінен аудандық «Жалын-2015» жазғы спартакиадасы өткізілді.Спартакиаданы аудан әкімі Ж.Қ.Таукенов салтанатты түрде ашып, 11 ауылдық округтен келген спортшыларға сәттілік тіледі.
Спартакиада алауын қазақ күресінен облыс чемпионы және 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Универсиадасының жеңімпазы, ҚР спорт шеберінен үміткер Қ.Молдашев жағып, оның соңы театрландырылған көрініске және концерттік бағдарламаларға ұласты.
Екі күнге созылған спартакиада да жалпы есеппен Аманкелді селолық округінің спортшылары 160 ұпай жинап,1-ші орынды жеңіп алды.1260
2-ші орынды – 118,25 ұпаймен Құмкешу ауылының командасы, 3-ші орынды 118,25 ұпаймен Амантоғай ауылдық округінің спортшылары қанжығаға байлады.
Аудан спортшыларының бұл спартакиадасы – алдағы өтетін облыстық спартакиадаға әзірлік іспетті. Қазіргі таңда амангелділік спортшылар облыста өтетін әзірлік үстінде. Олардың әзірлік жұмыстарын жасауға барлық жағдай жасалған. Спортшылар күн сайын дайындық жасап, жаттығуда.
Жуырда біз аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі ММ басшысы Болат Фазылұлы Мусинге жолығып, кездескенімізде ол :
* Біраз жылдан бері біздің аудан спортшылары облыстық спартакиадада кейінгі орындарды иеленіп келді.Бұл біз үшін үлкен сын болды. Сондықтанда соңғы жылдары аудан спортшыларын әзірліктерін күшейтіп, нәтижеге қол жеткізуді межелеп келеміз. Ауданымызда талантты спортшылар жоқ емес, баршылық. Ауданда спортты дамытуға өңір башылығы тарапынан бірқатар жағдайлар туғызылды. Дайындық жұмыстары аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында жүргізіледі. Спортшылар үшін бұл тиімді. Себебі олар әрқайсысы өз ауылдарында дайындалып машақаттанбайды. Аудан орталығында біір жерден әзірлік жасайды.Ал бұл дегеніміз олардың шеберліктерін шыңдап, нәтижелерге жетуіне жол ашады. Алдын-ала болжам жасамай-ақ қояйық. Аманкелді спортшылары облыстық биылғы спартакиадада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, ілгерлейді деп сенемін.Ең бастысы дайындық жақсы болса, тер көп төгілсе – жақсы межені еншілеуге болады, – дейді ол.S1230060
Суреттерде: Құмкешу ауылдық округінде өткен аудандық спартакиаданың ашылу рәсімі және шұахматтан 1-ші орынды иеленген амантоғайлық айтыскер ақын Бүркітбай Бекетұлы (ортада) жүлдегелермен бірге .
 
Хамитбек МҰСАБАЕВ
Суреттерді түсірген автор. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓