Гүлдене бер, Астана!
Тобыл өңірінде Астана күні думанды өтті. Өңірімізде бұл мейрам екі күнге жалғасты. Қостанай қаласының тұрғындары сити орталығына жиналды. Оларға облыстық көркем өнерпаздар «Гүлдене бер, Астана!» атты концерттік бағдарламаны тарту етті. Тартысты өткен спорт жарыстарының да көрермендері аз болған жоқ. Қаламыздың үздік вело шабандоздары ұзақ қашықтықта сынға түсті. Сондай-ақ, жиналғандар арасында викториналық ойындар өтіп, қол өнер шеберлерінің бұйымдарының көрмесі көрермендер көңілінен шықты.
Айбек Жүзбай