Астана күніне арналған ойын
Сарыкөл. Астана күнінде ауданның мемлекеттік мекеме қызметкерлері футболдан жарысқа түсті. Астана күніне арналған ойын тартысқа толы өтті. Командалар тәжірибелерін ортаға салып, бар өнерлерін көрсетті. Бір-бірінен айла-тәсілдерін асыра алғандардың жолы финалда түйісті. Шешуші сында бақтарын сынап, ең үздік дегендері суырылып алға шықты. Айталық, бірінші орынды аудан әкімдігінің құрамасы жеңіп алса, екінші орынды аудандық ішкі істер бөлімі, ал ауылдық округтердің әкімдерінен құралған топ үштіктен көрінді.
Жеңімпаз командалар мен үздік деп танылған ойыншылар мадақтама қағаздары мен кубок, медалдармен марапатталды.