«АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ» дейді орыс ғұламасы Белинский. Расында да, осынау кіршіксіз пенденің орны қашанда биік тұрады. Оларға деген құрметіміз жоғары. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да аз емес. Жақында Амангелді ауданы, Байғабыл ауылында тұратын Жанат Шакирова «Алтын алқа» иегері атанды. Қуанышты жаңалықты бірге бөліскен ауыл әкімі Данияр Тоқтаров алтын құрсақты анаға бағалы сыйлықтарды, ең бастысы, «Алтын алқаны» табыс етті.IMG-20150702-WA0010
– Мен үшін бөбектерімнің күлгені, отбасымызға шаттық сыйлағаны өте бағалы. Ал еліміздегі аналарға көрсетіліп келе жатқан құрметке шексіз ризамын. Қандай адам болмасын, әуелі, халықтың батасын алу керек деп ойлаймын. Ауылдастарымның жылы лебіздері, басшыларымыздың алғыстары арқылы бір марқайып қалдық, – дейді Жанат Шакирова.
Бүгінде Жанат жолдасы Абай екеуі жеті баланы тәрбиелеп келеді. Үлкені – студент. Олардың ендігі арманы – сәбилерінің жарқын болашағы. Отыз жеті жастағы алтын анамыз өзін бақыттымын деп санайды.  
 
Қасқырбай Қойшыманов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓