Тасбауыр демеші қаланы
Білемін, өзегің шерменде,
«Тас қала» демеші ей, бауыр.
Қаттылау тұрғынын көргенде,
Қалаға ұқсайды кейде ауыл.
Сен әлі-ақ қаланы сүйесің,
Сіңісіп өмірге сыр тұнған.
Ұрысқақ пәтердің иесі,
Апайың боп кетер бір туған.
Зәулім үй, ғимарат, не түрлі,
Ауылда жоқ қой деп егеспе.
Биіктік өлшемі секілді,
Ауылда қарттар бар емес пе?!
Тар емес қаланың ауасы,
Дәлелін сезерсің нақ қазір.
Жазылар жаныңның жарасы,
Барайық, саябақ жаққа жүр.
Мұнда да дала бар, кең көше,
Уақыт аз, кемшіні бір ғана.
Сәлемді дұрыстап бермесең,
Қарбалас, қоймалжың тірліктер,
Білемін, жүйкеңді қажады.
Аптығың басылсын, дүрлікпе,
Бұл – нағыз өмірдің ажары.
Бауырым, тым қатты суынба,
Еңсеңді деп тұрмын көтерем.
Тасбауыр болса егер шынында,
Бірінші мен безіп кетер ем…
Аслан Қанғожин