Қызғалдақ-үміт

АбекеКөктем, көктен нұр боп тамған ұлы ақын,
Жырыңды әсте жан бар ма екен ұғатын.
Қар астынан қара жерді "қытықтар",
Қызғалдақтың сезіндім мен қуатын.
 
Тұла бойың босап, тамып тұнық тер,
Нұр сіңірген науат қардай «жібіп» көр.
Сәтін күткен жауқазындай менің де
, Жүрегімде «жыбырлайды» үміттер.
 
 Үміт те көп, көкейімде «әттең» де,
Бұл көктемнен күтейінші бақ мен де.
Ғашықпын мен қара жерде қасатсыз,
 Қызғалдақпен нұр өбісер сәттерге.подснежник
 
Ақ – қараға, қара айналса жасылға,
Жер дүние жаңармай ма, расында!
Асықпын Мен  бір жүрекке бүр жарған
Күн нұры боп шуағымды шашуға.
 
Көктем!
Көл де арнасына толар сәт,
Көктеп, өніп, бар шартарап болар шат!
Сеземін мен бір қызғалдақ-үміттің,
Қар астында жатқанындығын «мені» аңсап!
 
Абылай Мауданов
 

 

 

You may also like...

1 Response

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓