Шыңдалайық шабытқа…

Сөз асылы_5

Құрметті оқырман! Сіздерге облыстық "Қостанай таңы" газетінің сайтында "Сөз асылы" атты әдеби айдардың ашылғанын хабарлаймыз! Жаңадан тұсауы кесіліп отырған айдардан жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын оқи аласыздар. Сонымен қатар, сөз өнеріне еліктеп, қалам ұштап жүрген балаң "жазушылардың" да түбітқанат туындыларын әдебиет сүйер қауым назарына ұсынып отырмақпыз. Айдардың қорын көбейтуге атсалысам деушілерге әсте мархабат (поэзия, проза, сатира, сын т.б.). Іріктеуден өткен дүниелер міндетті түрде сайтымызда жарық көреді. "Сөз асылы" айдарын ашқандағы мақсатымыз – Тобыл өңірінің әдебиетін насихаттау, жас өрендердің шығармашылығына серпін беру, демеу қосу… Сондықтан, оқырман достар, келіңіздер, еніңіздер, оқыңыздар, жазыңыздар! Айдардың тұсаукесерін белгілі ақын Нұрболат Мешітбаевтің мына өлеңімен жасамақпыз:  
 
nurbolat-meshitbaev
* * *
 
Туар енді пәктікті пайымдар күн,
Сенде сыры өзен, көл, қайыңдардың.
Шыңдалайық шабытқа, шамырқанып,
Шыңына өрлеп шынайы шайырлардың.
 
Әр жолыңда ақиқат, арман жүрер,
Лапылдасын сәл суып қалған жігер,
Қуатты бол, халыққа шуақты бол,
Жігерімді намысқа жалғап жібер!поэзия
 
Әкелер деп береке, құтты еліме,
Көп болды ғой мен сені күткеніме.
Жүрек тербе, жан баура, қанымды ысыт,
Сөз патшасы – Поэзия, шық  төріме!
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓