Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы

Таяуда Жанкелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Қайрат Кадирментаевтың басшылығымен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері арасында Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы атты құқықтық сағат өтті. исламҚазақстан Президенті қоғамда зайырлы сананы нығайту қажеттілігін әрдайым айрықша атап келеді. Осы жайында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан  2050»  Стратегиясында біз мұсылман үмбетінен екенімізді мақтан тұтамыз деп атап өтеді. Бұл біздің дәстүріміз. Бірақ, бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері бар, Қазақстан  зайырлы мемлекет екенін естен шығармауымыз қажет деген болатын. 
Іс  шара барысында діни сенім бостандығы мен мемлекеттің зайырлылық принциптері жөнінде баяндама жасалды. 
-Біздің елімізде әрбір азаматқа ар  ождан бостандығына кепілдік берілген және барлық конфессиялар ұстанушыларының заң алдында теңдігі қамтамасыз етілген. Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым  қатынастарының принциптері мен діни сенім бостандығы деңгейі мемлекеттің зайырлығының көрнекті көрсеткіші болып табылады, –   дейді Қайрат Қойшанұлы. 
Құқықтық сағатқа қатысушылардың көкейде жүрген көптеген сауалдары қойылып, бір сағаттан артық құқықтық әңгіме өрбіді. 
 
Гүлім ЫСМАҒҰЛ, 
Жангелдин ауданы 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓