Спортшы қазасына ортақпыз

Қостанай облысының спорт саласында ерекше орын алған, ұзақ жылдар бойына зор үлес қосқан адам – Владимир Матвиенко  3 шілде күні өзінің соңғы сапарына аттанды.
КСРО спорт шебері, Жалпыодақтық санаттағы төреші, КРСО дене шынықтыру және спорт үздігі,  Қазақ КСР халыққа білім беруінің үздігі, грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері және Қостанай қаласының құрметті азаматы  сияқты атақтары бұл кісінің еңбегінің жемісі.
Владимир Матвиенко 1949 жылдың 3 тамызында Меңдіқара ауданының Степановка ауылында дүниеге келген еді. Қостанай педагогикалық институтын тәмамдаған. Спортшы Қостанай облысының грем-рим күресі бойынша құрамасында болды.
1971 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресі бөлімшесінде аға жаттықтырушы болып, бір талай жас спортшыларды жаттықтырды. 
Владимир Петрович грек-рим күресі бойынша 45 спорт шеберін, 2 халықаралық санаттағы спорт шеберін, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберін дайындады.Матвиенко В.П.Оның оқушылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына кіріп, халықаралық жарыстарда, Азия, әлем чемпионаттарында және Атланта мен Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында үздік өнер көрсетті.
Біз оны  кішіпейіл, қарапайым және бауырмал адам және тәжірибелі, талапты ұстаз ретінде білетінбіз. Бұл қасиеттері үшін Владимир Матвиенконы әріптестері мен достары, спортшылар  әрқашан сыйлап, құрметтейтін.
Владимир Петрович «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медальдарымен және Қазақстан Республикасының Олимпиадалық комитеттің «Алтын белгісімен» марапатталған.  
Тәжірибелі спортшы бар ғұмырын жас чемпиондарды дайындауға арнады. Одан тәрбие алып шығып, үлкен жетістіктерге жеткен спортшылар Тобыл өңірінің атын асқақтатты.  Грек-рим күресінің дамуына сүбелі үлес қосқан адамның қазасы біз үшін ауыр.
         Владимир Матвиенконың туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз.  Оның жарқын бейнесі әршақан жадымызда қалады.
Н.Садуақасов, С.Есжанов, Ғ.Нұрмұхамбетов, М.Дәрібаев,
Б. Жақыпов, С. Карплюк, А. Әбенов, А.Ахметжанов, К.Үкин,
С.Төкенов, В.Мейстер, С.Жалыбин, А.Дабылов,
В.Лавриненко, М. Досмағамбетов, И. Заднепряный, П.Пастушенко, И.Вепрев, В.Носенко,
В. Шайрер, О. Ибрашев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓