Көкалаттық жас кәсіпкер наубайхана ашты

Көкалат ауылының азаматтары соңғы бес жыл көлемінде ел үшін игілікті іс жасап, көпшіліктің көңілін сүйсіндіріп келеді. Ондағы шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер ауылдың гүлденіп өркендеуіне, әлеуметтік – экономикасының дамуына мұрындық болып, іскерліктерін дәлелдеп отыр. IMG_8863Арғысын айтпағанда бизнес саласының биігінде жүрген Балағабай Қабжанов, Хамит Шахин, Талғат Әмірхамзин ауыз толтырып айтарлықтай тыңғылықты іс тындырып, елдің батасын алып, алғысына бөленуде. Игілігі мол жақсы істің басы – қасында жүрген ағалардың тағылымды тәрбиесін алған жас кәсіпкер Дархан Сыздықбай ауыл орталығынан шағын наубайхана ашты.IMG_8867
Аталмыш іс – шараның ашылуында сөз алған “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов жас болса да белін бекем буып, тәуекел түбін жел қайық еткен Дарханның бұл бастамасына ризашылықтарын жеткізіп, тілектестіктерін білдірді.IMG_8853
Ауданның құрметті азаматы Кәкімжан Карбозов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғарифолла Абайдилдин жыл сайын кәсібін нәсіп қылған ел азаматтарының қатары толығып, ауылдың ажары нұрланып, бір қалыпқа келді. Ел үшін еңбек жасаған адам өзінің тиісті жоғарғы бағасын алады. 
Жеке кәсіпкер Дархан Хамитұлы шағын наубайхана ашу үшін “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау аясында 3 млн теңге несие алған. Сондай – ақ, шағын наубайхананы қажетті құралдармен  жабдықтаған.IMG_8856
“Бастаған ісім оңға басып, ойдағы мақсатым орындалып жатса, алдағы күндері нан өнімдерінің 7 түрін шығарамын. Наубайханамның негізгі тұтынушылары ауыл тұрғындары. Нан өнімдері өте сапалы әрі дәмді дайындалса, сұраныстыңда көп болары сөзсіз. Наубайханаға тұрақты түрде жұмыс жасауға жергілікті жерден жұмысшы алу жоспарымда бар.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламаларға қатысып, аудан, ауыл көлемінде кәсіпкерлікті дамытуға өз үлестерін қосуға шақырамын”, – дейді жас кәсіпкер Дархан Хамитұлы.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы   

You may also like...

1 Response

  1. Дана айтты:

    Көкалаттықтар шаруашыл жандар білем. Іс оңға бассын!  Нан жемеген адамның ән салуы қиын,сірә. 🙂 Ас атасы-нан. Сапасы ұнға ғана емес, ашытқыға да байланысты. Мысалы, қамырды жылдам көтеретін құрғақ, қытай ашытқысы күн ыстықта нанның ортасын желім етіп жібереді. Қолдан бөлке пісіргенде байқадым. Дүкеннің біраз наны да солай болып шықты, и-иә, солай. Ал француз құрғақ ашытқысы жақсы ма білмедім. Ресейлік, қағазға оралған, кептірілмеген кесек ашытқының сапасы жақсы, нан жақсы сақталады. Бәліштер мен орама нандарға аздап болса да үй тауығының жұмыртқасы мен сапалы сүт қоссаңыз дәмі,сапасы ғана емес иісі де бұрқырап тұрады. Кондитерлік өнімдерді ванилин, мейіз, көкнәр, қопсытқышсыз дәмді қылу қиын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓