Ескі доңғалақтың пайдасы
Рудныйлық кәсіпкер тың жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Темір тұлпарлардың жарамсыз доңғалақтарын кәдеге жаратуды жөн көрген кәсіп иесі, дизель отынын өндіруді ойластырып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 20 млн.теңге қаржы жұмсамақ.
Кәсіпкер резеңкені сұйық отынға айналдыратын арнайы құрал жабдықтарды Қытайдан сатып алады. Құрылғының күшімен ескі доңғалақтар ерітіліп, дизель отынына айналады. Жоба иесі аталмыш жанар май сапасының соляркадан еш кем түспейтінін, әрі бағасының анағұрлым төмен боларын айтады. Сондай-ақ, оны жылу қазандықтарында және элеваторларда пайдалануға әбден болады.
Көрші Ресейде мұндай әдіспен дизель отынын алу жақсы жолға қойылған. Ұтымды жобаны қазақ еліне сіңістіруді қолға алған кәсіп иесі осылайша, қолданыстан шыққан доңғалақтардан арылудың жаңа жолын ұсынуда.

Махаббат Бекбай