Шөп науқаны бәсең

 Тобыл өңірінде  қысқы мал азығын әзірлеу жұмыстары төмен. Бүгінгі таңда белгіленген жоспардың тек 11 пайызы ғана орындалған. Шөбі шүйгін, шабындығы мол аудандар мал азығын дер кезінде жинап алуға аса мән бермей отырған тәрізді.IMG_3997
      Облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың айтуынша, әзірге бар болғаны 246 мың. тонна ғана шөп шабылған. Ал жоспар бойынша үстіміздегі жылы 1,5 млн.тонна пішен дайындалуы тиіс.IMG_3983
      -Кейбір жекелеген аудандар қысқы қарекетті ұмытқан сыңайлы. Соның салдарынан шөп шабу науқаны кеуешуілдеп жатыр. IMG_3976Мәселен, Қамысты және Жанкелдин аудандарында 9,5%, Меңдіқара, Таран, Қарабалық аудандарында 11%, ал Қостанай ауданында бар болғаны 5,4% қана орындалған. Биыл барлық өңірде, тіпті оңтүстік аудандардың өзінде де бір жарым жылдық қор жасап алатын мүмкіндік бар. Шөптің сапасы жаман емес,-дейді Б.Жақыпов.IMG_3981
     Маз азығын әзірлеуге бұлай жүрдім-бардым қарау дұрыс емес деді өз кезегінде облыс әкімі. IMG_3979Ол қолдағы бар техниканы жұмылдырып, қысқа мерзімде межеленген жоспарды орындауды тапсырды. Өйткені, малдың күйі жем-шөпке тікелей қатысты.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
  Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓