Республикалық байқауға барады
"Өрлеу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен республикалық "Үздік жыл әдіскері" байқауының облыстық кезеңі болды. Бұл байқаудың мақсаты: техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының барлық деңгейдегі әдіскерлердің әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы инновациялық жұмыс тәжірибелерінің ең үздігін айқындау, қолдау, кәсіби шеберліктерін арттыру, мәртебесін көтеру және әлеуметтік жағымды көзқарастары мен кәсіби бейнелерін қалыптастыру. Байқау бағдарламасы төрт кезеңнен: эссе жазу, ғылыми-әдістемелік жоба, шеберлік класы, ғылыми педагогикалық мақалаларға пікір жазудан тұрды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша лисаковтық Г.Өтегенова, рудныйлық В.Гомонова, қостанайлық А.Сұлтанова жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ал, конкурстың жеңімпазы Г.Өтегенова Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға облыс атынан қатысатын болды.
Гүлназым
САҒИТОВА