Жарты жыл ішінде 41 келі есірткі тәркіленді

Мұндай мәлімет облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Басқармасы өткізген брифингте жария болды. Жыл басынан бері өлкеде, ұзын-саны, 208 есірткіге қатысты қылмыстың беті ашылған.наша
Соңғы әшкере болған қылмыстардың бірі Рудный қаласында тіркелген. «МАК-2015» жедел алдын алу шарасы аясында, 38 жастағы күдікті қолға түсті. Парковый көшесінде тәртіп сақшыларына тұтылған қала тұрғыны қалтасынан орамадағы 1,5 грамм героин табылған. Айыпкер оны өзінің жеке тұтынысы үшін сақтап жүргенін, кәнігі нашақор екенін айтқан. Алайда күдіктіні бұл ақтап алмады: үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, брифинг барысында тәртіп сақшылары әшкерелеген есірткі заттарының статистикасы жасалды. Жыл басынан бері 862 грамм героин, 29 келі марихуана, 10 келіден астам гашиш тәркіленген. Қылмыстың құрыққа түсуіне облыстық ІІД кинологиялық орталығының иісшіл иттері қыруар көмек тигізгені айтылды. служебная собакаМұндай қызметтік тіміскішіл иттертің қатары таяуда тағы да толыға түсіпті. Сатып алынған төрт аяқты тәртіп сақшыларының есірткі қылмысын ашуға еселі үлес қоса түсеріне үміт артылып отыр.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓