Алаш алыптары

Міне, сол үш арыстың туғанына биыл – 120 жыл толуына байланысты аудандық балалар кітапханасы "Алаш алыптары" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, шығармашылықтарына шолу жасады. Осы көрмеге ақындардың өмірбаянына, еңбек жолына кең көлемде тоқталып, оқушылар "Тілші", "Құлагер", "Көкшетау", "Шұғаның белгісі", тағы басқа өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқып берді.
Ұлт руханиятының үш бәйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де, қалам қуатымен де байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар болып қала бермек.
Зарина Мұсабаева,
Аманкелді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі.