Малайзиядан жүлделі оралды
Қостанай қаласы ІІБ жол-патрульдік батальонының қызметкері Александр Слабуш регбиден Қазақстан Республикасының құрамасының мүшесі. Жақында ол Малайзияның Мелака қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып келді. Қазақстан құрамасы негізгі жарыста Алжир, Малайзия, Өзбекстан, Либанон елдерінің спортшыларымен бақ сынасты. Басты қарсыласы Либанонмен кездесуде 3-4 орындар үшін тартысты. Тобыл өңірінің спортшысы бұл жарыстан қола медальді жеңіп алды.
ҚР құрамасындағы қостанайлық төрт полицейдің тек, біреуі ғана – Александр Слабуш қатысты. Қалған үшеуі жарақаттарына байланысты жарыста бақ сынаса алмады. Олар Гонконгте өтетін 5 ұлттың азия кубогында жарысқа түсіп, ел намысын қорғауға дайындалуда.
Айта кету керек, қазақстандық регби құрама командасының Азия елдері арасында беделі зор. Александ өз әріптестерімен ресейлік командамен Новокузнецк қаласындағы кездесуге жаттығуда. Одан кейін Гонконг.

Махаббат Бекбай