Қайтқан малда қайыр бар
Қостанайда патрульдік полицейлер қой ұрлаған күдіктіні ұстады. Қылмыс қолды болған мал иесінің полицияға жүгінуіне дейін ашылды.25 тамызда түні автопатрульдеу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Карбышев көшесіндегі ресейлік тіркеудегі көлікті тоқтатады.
– Автокөліктің жүксалғышынан мал дауысы естілді, тексеру кезінде онда қойдың жатқаны белгілі болды. Жүргізуші оны қайдан алғанын, қайда апара жатқанын түсіндіре алмады, – дейді ППБ взвод командирі, полиция капитаны Данияр Ермағамбетов.
Одан әрі полиция капитаны мен полиция лейтенанты Камит Анафин жолаушылар мен жүргізушіні Қостанай қаласы Оңтүстік полиция бөліміне жеткізеді. Кейін көліктің 36 жастағы жолаушысы өз кінәсін мойындады. Федоров ауданының Камышин ауылдық округінде малшы болып жұмыс істейтін ер адам 3 ұсақ малды ұрлап, оның екеуін сатып үлгерген.
Осы дерекке байланысты ҚР ҚК 188-1-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлау, бөтеннің малын жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұрланған жануарлар иесіне қайтарылды.