Қайраткерге ескерткіш тақта қойылды

Төке қажы Сүтібайұлының есімі – алты алашқа белгілі қайраткер. Ол 1820 жылы туып, 1916 жылы 96 жасында дүниеден өткен. Төкенің руы – Арғын ішінде Мерген деп аталады. Ертеректе өткен Елеу Бектұрсынұлының "Торғай елі" толғауындағы:
"Мергенде ағайынды Құлжан, Төке,
Топ жарып, заманында шыққан жеке"
– деген жыр жолдары олардың халыққа ықпалды адам болғанын көрсетеді. Мұндағы Құлжан – Төкенің ағасы. Оның баласы Нұрғали Құлжановты және келіні Нәзипа Құлжанованы да Қазақ елі жақсы біледі. Құлжан зиялы адам болған. Ал Төкенің балалары Смағұл, Хакімбектердің де есімдері қалың қазаққа мәлім. Бұлар да кезінде Ұлт Азаттығы жолында күрескен қайраткерлер. Төкенің кенже ұлы Қамбар Токин көптеген жауапты қызметтер атқар-ған.
Ал оның баласы Тұрсынбек Қамбарұлы Токин – Мәскеуде институт бітіріп, ұзақ жылдар Торғай облысында басшы кәсіподақ қызметінде болды. Ол сонымен қатар жазушылықпен де айналысып келеді. Алматыдағы баспалардан бірнеше кітаптары шыққан. Тұрсекеңнің шығармашылығына Ғафу Қайырбеков, Серік Тұрғынбекұлы, Мұхтар Шаханов секілді ақындар жоғары баға берген.
Тұрсекең де – қайраткер кісі. Таяуда еліміздің Меккесі атанған Түркістан қаласында атасына арнап Ас беріп қайтты. Төке Сүтібайұлы қажылыққа ұлы ақын Абай атамыздың әкесі Құнанбай бабамызбен бірге барған. Төке қажы кезінде Торғай бекінісі орнағанда (қазіргі Торғай қаласы) Ресей патшалығының отарлау саясатына батыл қарсы шығып күрескен. Алайда, қарулы патша әскерлері оның ауылын қуғын-сүргінге ұшыратып, малдарын айдап әкетіп, өзін де түрмеге жапқан. Түрмеден шыққан соң амалсыздан қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Қабырға ауылдық округіндегі Алакөл ауылына келіп, қоныс тепкен. Сол жерде өз ажалынан қайтыс болған.
Міне, Тұрсекең Алматыдан атасы жерленген Алакөлге отбасымен автокөлікпен арнайы келіп, атасына ескерткіш-белгі орнатып, ас берді.
2016 жылы Төке қажы Сүтібайұлының туғанына 100 жыл толады. Осыған байланысты көлемді кітап шығармақ және атасының 100 жылдығын атап өтуді ұйымдастырмақ. Оған орнатылған ескерткіш-белгі – осы үлкен істердің басы.
Хамитбек
      МҰСАБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓