Киіктердің қырылуына «көмектескендер» ұсталуда
Облыс полицейлері 119 киік мүйізін кескен амангелділік азаматты қолға түсірді. Амангелді АІІБ-нің мәлімдеуінше, мұндай оқиға ауданда осымен оныншы рет тіркеліп отыр екен. Бұлар – көктемдегі киіктердің жаппай қырылуынан соң жасалған қылмыстар.
Тәртіп сақшылары тұзаққа түсірген 49 жастағы қылмыскер 119 бөкен мүйізін үйінің сарайында және көлік тұрағында жасырып келген. Кесілген мүйіздердің жалпы салмағы 10 келіге жақын. Күдікті, кейін мойындағанындай, әр келісін Қостанай қаласында 50 мың теңгеден сатуды жоспарлапты. Бұған дейін осы тәріздес заңсыз әрекетке барған 9 жерлесінің жауапкершілікке тартылғаны оған сабақ болмағанға ұқсайды. Тұтылғандардың бәрі 1 жыл бас бостандықтарынан айырылған еді.
Аталмыш деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аталмыш деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жандос Жүсіпбек