40 градусқа дейін күн ысиды
Бұл жайында «Қазгидромет» орталығы хабарлауда. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жасады. Мекеме таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, 1 шілдеде Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай обылстарында ауа температурасы 40 градусқа дейін қызады. Ал, Шығыс Қазақстан облысында күн ысығанымен қоймай, дауыл көтерілуі ықтимал. Аймақта соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Тобыл өңірінде күн тымық болмақ. «Гизметео» порталына жүгінер болсақ, дәл осы күні ауа температурасы 32-38 градусқа дейін қызады. Кейбір жерлерде жаңбыр сіркірейді.
Ылғалдың молдығы мен күннің ыстықтығы созылмалы сырқатты жандардың денсаулығына нұсқан келтіруі мүмкін. Осыған байланысты, дәрігерлер қауымы сақтық шараларын қолға алуды ескертеді. Аптап ыстықта көлеңкелі жерді паналап, жиі су ішкен дұрыс.