Күн күлсін! Күнмен күлсін бүлдіршін! “Қазақтелеком” АҚ – Қостанай облыстық телекоммуникация Дирекциясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

IMG_3570Жадыраған жаздың алғашқы күніне дөп келетін жайдары мейрам – Балаларды қорғау күнін Қостанай облыстық телекоммуникация Дирекциясының ұжымы ерекше ықыласпен атап өтті.
Мерекелік іс-шараға Қостанай облыстық балалар  үйінің  тәр-биеленушілері арнайы шақырылып, кәсіпорын қызметкерлерінің балаларымен бірге көңіл көтеру мүмкіндігіне ие болды. "Жастелеком" жастар ұйымының Қостанай ОТД аймақтық тобының белсенділері Облыстық байланыс қызметкерлері  кәсіподағының қолдауымен балаларды бақытқа бөлеу  үшін  түрлі ойындар, байқаулар, спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Салтанатты жиында өне бойынан өнер тамған балалар да аз болған жоқ. Бірі мың бұрала билесе, бірі ән айтты. Кішкентай бүлдіршіндер асфальтта сурет салса, жеті жастан асқан балалар үшін тимбилдинг, квест ұйымдастырылды. Балдырғандар жастелекомдықтармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасады, сыйлыққа түрлі тәтті тағамдар алды.
IMG_3557Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі А.Меркулованың өздеріне ерекше көңіл бөліп жат-қан аға-апаларына ықыласы ерекше:
– Бүгін біз мерекені қызықты атап өтіп жатырмыз. Жұмбақ шешіп, би билеп, ән айтып бар өнерімізді көрсетуге мүмкіндік алдық. Осындай шараны ұйымдастырып жатқан қазақтелекомдықтарға алғысымыз шексіз.
– Біздің компанияда балалар үшін мұндай мереке дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ал биыл алғаш рет "Аяулы алақан" атты "Қазақтелеком" АҚ корпоративтік волонтерлық бағдарламасы аясында облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін де шақырдық. Балалар бірін-бірі танымаса да, жадырқамай өзара тез тіл табысып, бірге ойнап кетті", деді "Жастелеком" жастар ұйымының Қостанай ОТД аймақтық тобының көшбасшысы Марат Сандыбаев.
Ересектер назарына балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі IMG_3529ұйымдастырылды. Батик жанрында салынған суреттер, тоқыма жаймалар мен  көрпелер ерекше сұранысқа ие болды.
Бұған дейін де Қостанай ОТД "Аяулы алақан" бағдарламасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын. "Жастелеком" белсенділері бастауыш сынып оқушыларын кинотеатрға апарды, ал ортаншы сынып оқушылары   Дирекцияның iD Center нысанын, байланыс тарихы залын тамашалап, оқу-өндірістік кешенімен танысқан болатын.
Шұға                          
               ҚОҢҚАБАЙ
СУРЕТТЕРДЕ: іс-шарадан көріністер.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓