“Рыцарьлар турнирі – 2014”

Байқау бес сайыстан тұрды. Біріншісінде жігіттер өздерін әйгілі рыцарьлар (мәселен Трис-тан, Айвенго) есімдерімен таныстырып, жауынгерлік ерліктері мен басты қасиеттері жайлы таныстыру рәсімін көрсетті. Өз білімдерін интеллектуалдық сайыста паш етіп, өнерлерін сахналық қойылым, ән-би, нәзік жандыларға арналған арнау өлеңдері арқылы тарту етті.
Бәйгенің ерекше тұсы – тақырыптан бір сәт ауытқымай, сайыскерлердің әр бөлімде рыцарьлық дәуірдің келбетінің элементтерін ұсынып отырды. Сайыс қорытындыларына келсек, барлық қатысушылар түрлі аталым бойынша марапатталды.
Сымбат СМАҒҰЛОВА.